1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарға – мың тағзым!» атты тағылымды іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жыл 1 қазан күні Қамысқала ауылдық округінде «Қарттарға – мың тағзым!» атты іс-шара өткізілді.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарға – мың тағзым!» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ауылымыздағы қарттарға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа насихаттау, үлкенді сыйлау мен ізет көрсету дәстүрін дәріптеу.
Ауыл жастары үлкендерге деген алғыстары мен құрметтерін білдіріп, ақ тілектерін арнады. Сонымен қатар, қарттардың өнегелі өмір жолы, еңбегі мен қоғамға қосқан үлесі туралы айтылып, жастарға ақыл-кеңестері берілді.

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші, үлкендеріміздің әрбір сөзі – кейінгі ұрпаққа өнеге. Қарттарды құрметтеу – баршамыздың парызымыз.

Іс-шара соңында қарттарға сый-сияпат көрсетіліп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілектер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1303958?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version