Ұлытау облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласындағы мәселелерді жариялайтын журналистер мен ақпараттық ресурстар өкілдеріне арналған семинар өтті.
Іс-шара барысында дін және зайырлылық, діни бірлестіктер қызметі, конфессияаралық қатынастар, сондай-ақ қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды ақпараттық кеңістікте сауатты жариялау мәселелері талқыланды.
Семинарда журналистің кәсіби жауапкершілігіне, ақпараттың нақтылығы мен объективтілігіне, медиадағы нарративтердің қалыптасуына және дін саласындағы күрделі әрі сезімтал тақырыптарды аудиторияға дұрыс жеткізу тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар нақты мысалдар негізінде ақпараттық материалдарға талдау жасап, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Семинарға лектор ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Толғанай Вагизовна Мустафина қатысты.
Кездесу журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және дін саласындағы ақпаратты жауапты, объективті әрі сапалы жариялау тәсілдерін жетілдіруге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1303916?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау