Аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
Соңғы жылдары округ инфрақұрылымын дамытуға 2,9 млрд теңге бағытталып, Ақыртөбе ауылында спорт кешені мен мәдениет үйі, Малдыбай ауылында 120 орындық мектеп ел игілігіне берілді.
Сонымен қатар, жалпы құны 22,6 млрд теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1303571?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау