Аудан әкімі Ернар Есіркепов Өрнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
Соңғы жылдары округ инфрақұрылымын дамытуға 450 млн теңгеден астам қаражат бағытталды. Сұмқайты ауылына кіреберістегі 2,9 шақырым жолға асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жарлысу ауылында ауыз су сапасын жақсарту мақсатында мембраналық сүзгілеу құрылғысы орнатылды.
Сонымен қатар, ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1303596?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау