Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов ауданымызда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қосқан ардагерлеріміздің шаңырақтарына арнайы барып, қарттар күнімен құттықтады.
Мерекеге орай аудан басшысы 35 жыл еңбек өтілі бар, Мәртөк теміржол станциясының бастығы қызметін атқарған белгілі теміржолшы Сарбупенов Аманжол Вайдуловичтің, ұзақ жылдар совхозда еңбек етіп, көпбалалы ана ретінде «Медаль материнства» ІІ дәрежелі медалімен марапатталған Шауменова Анипа Елемесовнаның, сондай-ақ 40 жылдан астам еңбек өтілі бар, Қазан ауылының құрметті еңбек ардагері әрі ауыл ақсақалы Рсалдинов Жадигер Ушановичтің үйлеріне барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Ардагерлеріміздің ел дамуына сіңірген еңбегі – кейінгі ұрпаққа өнеге.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1303329?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау