Балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу шаралары күшейтілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу шаралары күшейтілді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес Абай облысында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Іс-шараларға Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің және Білім басқармасының қызметкерлері қатысуда. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және балалар ауруханаларында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалар болатын бөлмелерге тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ терезелерде орнатылған арнайы тежегіштердің жай-күйі тексерілуде.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар облыстың барлық аудандары мен қалаларында жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-abay/press/news/details/1303795?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version