Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 166 фактісі тіркелді. Оның 881-і үй жануарларының теміржолға шығуына байланысты болған.
Кезекті оқиға бүгін таңертең Жамбыл облысы «Жұма – Тамды» аралығында орын алды. Жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 бас қойды қағып кеткен.
Аталған факті бойынша мал иесі, Тараз қаласының 66 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік полицейлері мал иелерін теміржолға жақын аумақта жануарларды бақылаусыз жаюға жол бермеуге және белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Естеріңізде болсын: жануарлардың қауіпсіздігіне жауапкершілік, ең алдымен, олардың иелеріне жүктеледі. Малдың теміржолға бақылаусыз шығуы пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, төтенше жағдайға, материалдық шығынға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1304158?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау