БҚО самбо федерациясының президенті болып Саламат Сертеков сайланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Аудандық мәслихат депутаты Сертеков Саламат Серікұлы Батыс Қазақстан облысының самбо федерациясының кезектен тыс отырысында федерация президенті болып сайланды. 
Саламат Серікұлы – облыс көлемінде бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына үлес қосып, спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсетіп жүрген спорт саласының жанашыр азаматы.
Батыс Қазақстанда самбоның қалыптасқан мектебі мен даңқты дәстүрі бар. Алдағы уақытта осы дәстүрді жалғастырып, жас спортшыларды қолдауға, олардың шеберлігін арттыруға және халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың нәтижелі болуына тілектеспіз.
Аудандық мәслихат депутаттары атынан жаңа қызметіңізге сәттілік, еңбегіңізге береке, толағай табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1303430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version