Елордалық спортшылар су добынан Азия ойындарының финалына шықты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының су добынан финалына шықты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жартылай финалдық кездесуде ұлттық құрама Қытай командасымен кездесті. Тартысты өткен ойында қазақстандық су добы шеберлері 11:10 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Қазақстан құрамасы сапында елордалық спортшылар Әділ Балтабекұлы, Душан Маркович, Срджан Вуксанович және Юлиан Вердеш өнер көрсетіп жатыр.

Финалда Қазақстан құрамасы XX жазғы Азия ойындарының алтын медалі үшін таласады. Ұлттық құраманың қарсыласы Иран – Жапония арасындағы жартылай финал жеңімпазы болады.

Финал 3 қазанда Астана уақытымен сағат 15:00-де өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1303798?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version