1 қазанда Қазақстанда Халықаралық қарттар күні аталып өтіледі. Бұл аға буынды құрметтеудің, оның еңбек үлесі мен өмірлік тәжірибесін мойындаудың символы болып табылатын мереке. Бұл күні өз еңбегімен, білімімен және адалдығымен елдің дамуына және кейінгі ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан адамдарға ерекше назар аударылады.
Басқарма қызметкерлері облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан қаржы басқармасының ардагерлерін зор құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде құттықтады, сондай-ақ әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында басқармаға бекітілген жалғызбасты қарттарға барып, оларға материалдық көмек көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-karzhy/press/news/details/1304004?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау