Халықаралық қарттар күніне орай, ауылдың қазыналы қарияларына мерекелік дастархан жайылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Баядилов Асқар Оңғарұлының ұйымдастыруымен ауылымыздың  қазыналы қарияларына арнайы дастархан жайылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа дәріптеу.

Мерекелік дастархан барысында қарияларға жылы лебіздер айтылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік шарадан ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-saryozek/press/news/details/1303699?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version