Салауатты ұжым үшін

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

   Бүгін Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерлерге арналған ойын, алкоголь, есірткі және никотинге тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған семинар өтті.

  Іс-шараға Департаменттің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері онлайн режимде қатысты.

  Жеке құрам алдында Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатр-наркологы Болат Қыдырқожаұлы және дәрігер-психиатр, суицидолог Бейбіт Жаппарұлы сөз сөйледі.

  Мамандар тәуекел факторлары, тәуелділіктің алдын алу жолдары, дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы және қиын жағдайға тап болған әріптестерге қолдау көрсету туралы айтып өтті.

  Семинар соңында қызметкерлер мамандарға пайдалы ақпарат пен практикалық кеңестері үшін алғыстарын білдірді.

  Мұндай кездесулер тәуекелдерді дер кезінде анықтауға, психологиялық сауаттылықты арттыруға және ұжымда салауатты ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1304132?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version