М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетелдік білім алушылармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Қазіргі таңда университетте 10-нан астам мемлекеттен келген 2 341 шетелдік студент білім алуда.
Кездесу барысында Қазақстан аумағында болу тәртібі, көші-қон есебі, уақытша тіркеу, визалық талаптар және құжаттарды уақтылы рәсімдеу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ заң талаптарын бұзған жағдайда көзделетін жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Іс-шара шетелдік білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, көші-қон заңнамасын сақтауына бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1303723?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау