Ставрополь өлкесімен екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және кеңейту аясында Қазақстан Республикасының Астраханьдағы Бас консулы Қанат Хасеновтың Ставрополь қаласына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында Ставрополь өлкесі Үкіметі төрағасының орынбасары Николай Афанасов бастаған өңір Үкіметінің мүшелерімен кездесу өтті. Аймақаралық Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл және жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар агроөнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға, өзара сауда номенклатурасын кеңейтуге және бизнес арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға деген өзара көзқарасты растады.
Сондай-ақ, «Ставрополь өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағының президенті Борис Оболенцпен және экспортқа бағдарланған кәсіпорындармен кездесу өтті. Келіссөздер шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымына қолжетімділік пен қолданыстағы инвестициялық қолдау шаралары егжей-тегжейлі ұсынылды. Өңірдің бизнес қауымдастығы Қазақстан нарығына шығуына үлкен қызығушылық танытты.
Содан кейін Қанат Хасенов аймақтағы ең ірі білім беру мекемесі – Солтүстік Кавказ федералды университетіне барып, оның басшылығымен кездесті. Академиялық және гуманитарлық әріптестікті дамыту салалары, соның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы алмасулар мен бірлескен білім беру бастамалары талқыланды.
Осыған қоса, университетте Ставрополь мемлекеттік аграрлық пен медициналық университеттерде оқитын қазақстандықтарды қоса алғанда студенттермен кездесу өтті. Бас консул сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтті, студенттерді оқу үдерісі барысында білімдерін тереңдетуге және кәсіби дағдыларын дамытуға шақырды. Студенттерге консулдық есепке қою қажеттілігі және Ресей Федерациясының заңнамасын міндетті түрде сақтау туралы толық ақпарат берілді.
Ставрополь өлкесінің өндірістік әлеуетін зерттеу мақсатында Бас консул өңірдің бірқатар өнеркәсіптік нысандарын – «Ставрополь химиялық компаниясы» ЖШҚ және «Тайфун-Инновация» зауыттарын (сусымалы өнімдерді қуыру және өңдеу жөніндегі жабдықтарды шығару бойынша) аралады. Кәсіпорындар басшылығымен әңгімелесу барысында Қазақстанмен өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі кеңейту туралы жан-жақты пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan/press/news/details/1303435?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау