Қызылордада қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын бұзған азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық орындарды ластап, белгіленген ережелерді сақтамайтын тұрғындар бейнебақылау камераларының тұрақты бақылауында.
Бейнебақылау камералары арқылы мұндай құқық бұзушылықтар күн сайын тіркелуде.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жергілікті тұрғынның қоғамдық орында темекі тұқылын арнайы белгіленбеген жерге тастағаны анықталды.
Тексеру барысында осы тектес әрекеті үшін оған әкімшілік шара қолданылса да ол еш нәтиже шығармай, бiр жыл iшiнде құқық бұзушылықты қайталап жасаған. Осыған байланысты оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл салынды.
Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әр тұрғынның міндеті. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1303361?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау