Тіршілік әрекетінің негізгі категориялары:
1) Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті – негізгі физиологиялық қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру, күнделікті тұрмыстық қызметті және жеке бас гигиенасы дағдыларын орындау қабілеті;
2) Өз бетінше жүріп-тұру қабілеті – кеңістікте өз бетінше қозғалу, кедергілерді еңсеру, тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызмет шеңберінде дене тепе-теңдігін сақтау қабілеті;
3) Оқу қабілеті – білімді (білім беру, кәсіби және басқа да) қабылдау және қайта жаңғырту, дағдылар мен іскерліктерді (әлеуметтік, кәсіби, мәдени және тұрмыстық) меңгеру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында оқу мүмкіндігі;
4) Еңбек қызметіне қабілеті (еңбекке қабілеттілігі) – жұмыстың мазмұнына, көлеміне және оны орындау жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру қабілеті;
5) Бағдарлану қабілеті – уақыт пен кеңістікте бағдарлана білу қабілеті;
6) Қарым-қатынас жасау қабілеті – ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру арқылы адамдар арасында байланыс орнату қабілеті;
7) Өз мінез-құлқын бақылау қабілеті – өзін-өзі түсіну және әлеуметтік-құқықтық нормаларды ескере отырып, адекватты мінез-құлық таныту қабілеті;
8) Ойын және танымдық қызметке қабілеті – құрдастарымен қарым-қатынас жасау, шынайылықты талдау және алынған тәжірибені қайта жаңғырту, балалық жаста жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу және даму қабілеті;
9) Қозғалыс белсенділігіне қабілеті – баланың дене қалпын өзгерту, кеңістікте қозғалу, заттарды тасымалдау, жылжыту немесе олармен әрекет жасау, жүру, жүгіру, кедергілерді еңсеру және көліктің әртүрлі түрлерін пайдалану арқылы әртүрлі қозғалыстарды орындау қабілеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1303411?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау