Тұрақты комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін А.Бақиевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар ісі және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты. 
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Жарасов және мансап орталығының басшысы А.Уразалиев 2026 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Д.Жарасов өз баяндамасында аудандық мәслихаттың шешімімен әлеуметтік көмекке мұқтаж 1246 адамға 76 754,0 мың теңге және мүгедектігі бар үйде оқитын 13 балаға 1384,0 мың теңге әлеуметтік төлем жасалғанын атап өтті. Ауданда көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, инватакси қызметі, халықты жұмыспен қамту, сондай-ақ Отбасын қолдау орталығының қызметі бойынша 8 айда атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті. 
Аудандық Мансап орталығының басшысы өз баяндамасында бүгінгі күні жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны 637 адамды құрайтынын атап өтті. Орталық тарапынан Орал қаласындағы бірнеше оқу орындарына аспазшы, кондитер, слесарь т.б. мамандықтарын игеруге қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жыл басынан бері жастар практикасы бойынша 35 түлек жұмысқа орналасып, жоспар 100 пайызға орындалғанын жеткізді.
Сондай-ақ, «Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы аппарат басшысы А.Шайхиев хабарлама жасады. Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, мәслихат сессиясының қарауына  үсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1303478?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version