Тюнинг – заң талаптарын сақтамауға себеп емес
Көлік иелері автомобильдің сыртқы бейнесі мен техникалық сипаттамаларына өз қалауынша өзгеріс енгізіп жатады. Алайда көлік құралының конструкциясына енгізілетін кез келген өзгеріске тиісті тәртіппен келісім қажет.
Полиция қызметкерлері көлік құралдарын қайта жабдықтауға қойылатын талаптардың сақталуын күнделікті бақылап, заң талаптарын бұзу фактілерінің жолын кесуде.
Мәселен, 29 қыркүйекте Өскемен қаласында Назарбаев даңғылында полиция қызметкерлері көлік конструкциясында көзделмеген қосымша шығару жүйесі орнатылған Toyota Mark II автокөлігін тоқтатқан.
Ал 30 қыркүйекке қараған түні Славский көшесінде Lada 21705 автокөлігі анықталды. Көліктің артқы бөлігі тиісті рұқсатсыз төмендетілген.
Екі жағдайда да жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі көліктің де мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.
Бұл ретте жауапкершілік айыппұл төлеумен ғана шектелмейді. Анықталған бұзушылықтар жойылып, көліктер белгіленген талаптарға сәйкестендірілгенге дейін оларды пайдалануға жол берілмейді.
Талаптардың сақталуына бақылау жалғасуда. Заң мен тәртіп қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1303437?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау