«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өтті

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өткізілді.

Іс-шара Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өтіп, оған Ұлытау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында заң ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Жамаладен Ибрагимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен заңға құрмет тақырыбында дәріс оқыды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл Алма Сыдыкова мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті, адалдық және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша баяндама жасады.

📚 Семинар «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында заңнамалық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыруға да бағытталды.

#ЗаңМенТәртіп #ҰлытауОблысы #ӘділетДепартаменті #ӘділетМинистрлігі #МемлекеттікҚызмет ҚұқықтықМәдениет КәсібиӘдеп КітапОқитынҰлт

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1303454?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version