«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ»: АБАЙ МЕКТЕБІ – III ОРЫН ИЕГЕРІ!
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына қатысушы – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ V Ұлттық қайырымдылық конференциясы аясында өткен «Жақсылық жалғасады» бейнероликтер байқауында III орын иеленді!
Бұл жетістік – мектеп ұжымының белсенді азаматтық ұстанымының, қайырымдылық құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесінің және қоғамға жаңа мүмкіндіктер жасауға деген ұмтылысының жарқын көрінісі.
Абай атындағы орта мектебінің ұжымын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа спорт алаңы оқушылардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына кең мүмкіндік берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/1303761?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау