«Жас сақшы»: оқушыларға профилактикалық дәрістер өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала мектептеріндегі «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларына профилактикалық дәрістер өткізді.

Дәріс барысында жасөспірімдерге құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптары, буллинг пен интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар оқушыларға полиция қызметінің ерекшеліктері таныстырылып, заң талаптарын сақтау мен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1304118?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version