🏆 Зеренді ауданының мемлекеттік қызметшілері пікірсайыс турнирінде жүлделі орын иеленді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

🏆 Зеренді ауданының мемлекеттік қызметшілері пікірсайыс турнирінде жүлделі орын иеленді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп бекіткен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Турнирдің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ Адал азамат құндылықтарын дәріптеу.

Аталған пікірсайыс турниріне Зеренді ауданынан:
🔹 «Зеренді ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Айтмағамбет Асылжан Серікболқызы;
🔹 «Зеренді ауданы Садовый ауылдық округі әкім аппараты» ММ бас маманы Таран Валерия Антоновна;
🔹 «Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Темірбаева Самал Амангелдіқызы қатысып, өз білімдері мен шешендік шеберліктерін ортаға салды.

Нәтижесінде Зеренді ауданының командасы жүлделі ІІІ орынға ие болып, арнайы сертификаттармен марапатталды. 👏

Пікірсайыс барысында мемлекеттік қызметшілердің өзекті мәселелерді талқылаудағы белсенділігі, дәлелді ой айтуы, өз ұстанымын сауатты жеткізуі мен командалық жұмысы жоғары деңгейде көрінді.

Жас мемлекеттік қызметшілердің осындай зияткерлік және кәсіби іс-шараларға белсенді қатысуы – олардың білімі мен тәжірибесін шыңдап, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Жеңісті нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы кәсіби жолдарыңызға толағай табыс тілейміз! 🌟

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1304417?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version