2026 жылғы 18 қыркүйекте Алатау ауданында есірткі қылмысының және есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара №152 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері, Алатау ауданы әкімдігінің өкілдері, білім беру саласының мамандары, денсаулық сақтау ұйымдарының және наркологиялық қызметтің басшылары мен мамандары қатысты.
Кездесу барысында мектеп оқушылары мен ұстаздарға есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны, есірткіге тәуелділіктің салдары және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың, бос уақытты тиімді өткізудің және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы айтылды.
Аталған бағыттағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары 18 қыркүйек күні Алатау ауданындағы барлық мектептерде де өткізілді. Іс-шараларға мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар қатысып, тиісті мамандар тарапынан есірткі қылмысының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпарат берілді.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жастар арасында есірткі құралдарының зияны туралы түсінікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-alatau/press/news/details/1304450?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау