Еріктілердің білімі мен тәжірибесін арттыруға арналған дәріс ұйымдастырылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Облыстағы еріктілердің, оның ішінде мобильді топтар құрамындағы еріктілердің төтенше жағдайлар кезіндегі даярлығын арттыру мақсатында өрт сөндірушілер мұражайында танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары және қауіп туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Кездесу аясында қатысушылар өрт сөндіру саласының тарихымен танысып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметі туралы мағлұмат алды. Мұражай экспозициялары арқылы азаматтық қорғау саласының қалыптасуы мен дамуы жөніндегі деректер ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1304180?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version