Грек-рим күресінен республикалық турнирі аяқталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

2–3 қазан күндері «Жекпе-жек» спорт сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Алмат Кебіспаевтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті.

🔹 Алмат Кебіспаев — қазақстандық грек-рим күресінің ең титулды өкілдерінің бірі. Ол әлем чемпионаттарының бес дүркін жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері. Сондай-ақ 2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарына қатысқан.

Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарыс Ақтөбе облысының прокуратурасымен бірлесіп өткізілді.

2 қазанда турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған прокуратура органдарының ардагерлері, спорт саласының өкілдері және құрметті қонақтар қатысты.

Екі күнге созылған жарыста Қазақстанның әр өңірінен келген 13 команда құрамындағы 15 жасқа дейінгі 120-ға жуық жас балуан боз кілемде бақ сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 10 салмақ дәрежесінде анықталды.

🏆 ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

38 кг
🥇 Ертөре Аманжол (№1 ОБЖСМ)
🥈 Алдияр Шілдебай (Есет батыр ОРОММИК)
🥉 Дарын Нұрмұқанбетов (Есет батыр ОРОММИК)
🥉 Ибрахим Бисенбай (№1 ОБЖСМ)

41 кг
🥇 Қайсар Сәрсеналин (Есет батыр ОРОММИК)
🥈 Нұрас Нұрланұлы (Есет батыр ОРОММИК)
🥉 Әділжан Жақсылық (Алматы қаласы, Шаңырақ ОРОММИК)

44 кг
🥇 Байсалбек Ахметжан (Есет батыр ОРОММИК)
🥈 Мансұр Асқаров (Қарағанды облысы)
🥉 Диас Достояров (Қостанай облысы)
🥉 Қасым Аманғалиев (№1 ОБЖСМ)

48 кг
🥇 Баубек Шәріп (Есет батыр ОРОММИК)
🥈 Еркін Өмірсерік (Есет батыр ОРОММИК)
🥉 Нұрасыл Карасын (Қостанай облысы)
🥉 Нұрислам Шалқарбай (Есет батыр ОРОММИК)

52 кг
🥇 Мадияр Ахметов (Есет батыр ОРОММИК)
🥈 Нұрсәт Өмірғалиев (Есет батыр ОРОММИК)
🥉 Санжар Игілік (Алматы қаласы, Шаңырақ ОРОММИК)
🥉 Марлен Сердалы (Алматы қаласы, Шаңырақ ОРОММИК)

57 кг
🥇 Мұхаммади Абаев (Алматы қаласы, Шаңырақ ОРОММИК)
🥈 Алихан Қошаман (Есет батыр ОРОММИК)
🥉 Сулейман Абилов (Батыс Қазақстан облысы)
🥉 Сұлтан Қазмұхан (Есет батыр ОРОММИК)

62 кг
🥇 Хамзат Жұмағали (№4 ОМБЖОРМ)
🥈 Нұржан Тәуіржан (Шалқар)
🥉 Нұрболат Аманғали (Батыс Қазақстан облысы)
🥉 Марлен Мұхидулла (Есет батыр ОРОММИК)

68 кг
🥇 Заңғар Қайрат (Есет батыр ОРОММИК)
🥈 Қайрат Наурызбай (Батыс Қазақстан облысы)
🥉 Нұртас Амантай (Қарағанды облысы)
🥉 Фархат Сәбит (Есет батыр ОРОММИК)

75 кг
🥇 Нұршапағат Самат (Есет батыр ОРОММИК)
🥈 Бақыт Жақсыбергенов (№3 ОБЖСМ)

85 кг
🥇 Даниал Советов (№1 ОБЖСМ)
🥈 Нұрлан Тельман (Алматы қаласы, Шаңырақ ОРОММИК)
🥉 Алихан Танбет (№1 ОБЖСМ)

Турнир жас балуандардың спорттық шеберлігін арттыруға, жарыс тәжірибесін жинақтауға және грек-рим күресін кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар турнир аясында өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дәріптеуге, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1304431?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version