Хромтау ауданында еліміздің басты мерекелерінің бірі – Еңбек күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген түрлі сала мамандарына құрмет көрсетілді.
Мерекелік басқосуға аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы өз сөзінде кез келген мемлекеттің өркендеуі адал еңбекпен тікелей байланысты екенін атап өтіп, өз ісіне адал еңбек адамдарының қоғамдағы орны әрқашан жоғары екеніне тоқталды.
Салтанатты шара барысында ауданның дамуына, соның ішінде білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, кәсіпкерлік пен өндіріс салаларының ілгерілеуіне еңбегі сіңген азаматтарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Ерекше атап өтерлігі, марапатқа ие болғандардың қатарында мекемелердің кіші қызметкерлері мен әлеуметтік сала мамандары да бар.
Хромтау ауданында адал еңбекті ұлықтауға және өңірдің өсуіне атсалысып жүрген еңбек адамдарын қолдауға бағытталған шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.10edited 13:56
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1304402?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау