Сағат 20:00-де барлық сайлау учаскелерінің есігі жабылып, учаскелік комиссия мүшелері әр кандидатқа берілген дауыстарды санауға кірісті. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Алмат Балтағарин: -Учаскелік комиссиялардың жұмысы күні бойы нақты әрі ұйымдасқан түрде, дауыс беру күнін өткізу бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізілді. Заңнамада көзделген барлық рәсімдер сақталды. Комиссия мүшелері дауыс берудің ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз етіп, сайлау учаскелеріндегі дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыстарды санауға кірісті. Дауыстарды санау қорытындысы бойынша Зеренді ауданының Ақкөл және Күсеп ауылдық округтері әкімдерін сайлаудың нәтижелері анықталады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау