ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» авиакомпаниясының ұшқыштары Сергей Пинигин, Леонид Калеканов және Айдар Мамырханов Өскемен – Шемонаиха – Өскемен бағыты бойынша шұғыл ұшу жұмыстарын орындады.
Экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлері Рустам Мұкажанов пен Татьяна Сергееваның үйлесімді әрі кәсіби жұмысының арқасында қойылған міндет жедел түрде орындалды – шұғыл медициналық көмекті қажет еткен жарақат алған науқас облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізілді.
ҚР ТЖМ әуе кемелері санаулы уақытта жедел көмек көрсету үшін тәулік бойы санитарлық және құтқару рейстерін орындауға дайын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1304410?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау