Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының үйлестіру кеңесінің отырысына қатысу

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Өз сөзімде азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау адам құқықтарын қорғау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өттім. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек әдебін сақтау және жұмыс орнында кемсітушілікке жол бермеуді қоса алғанда, бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындадым.
Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауда, жалақыны уақтылы төлеуді және еңбек саласындағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде ұжымдық шарттардың маңыздылығына жеке тоқталдым.
Лайықты еңбек ету, әділ еңбекақы алу және жұмыс орнындағы қауіпсіздік құқықтарының әрбір азаматтың конституциялық құқықтары мен қадір-қасиетін қамтамасыз етумен тікелей байланысты екенін атап өттім.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1304197?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version