«ЖАРҚЫН САХНА» ПРЕМИЯСЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА ХРОМТАУЛЫҚ ӨНЕРПАЗ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Хромтау ауданының өнерлі жастары тағы бір биіктен көрінді!

20 қыркүйек күні Алматы қаласында талантты жас өнерпаздарды біріктірген «Жарқын сахна» премиясының қорытынды финалы өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен өнерпаздар қатысып, өзара бақ сынады.

Финалда жерлесіміз, жас әнші Балым Нысаналы Хромтау ауданының намысын абыроймен қорғап, жүлделі І орынға ие болды!

Жеңімпазға 100 000 теңге көлемінде сертификат табысталды.

Бұл — Балымның өнер жолындағы ізденісі мен талантының жемісі. Жерлесіміздің республикалық деңгейдегі байқауда топ жарып, Хромтаудың атын танытуы — ауданымыз үшін үлкен қуаныш.

Балымды жеңісімен құттықтаймыз! Өнер жолындағы қадамы нық болып, алдағы уақытта да талай биіктерді бағындыра берсін!

Хромтаудың талантты жастары — ел мақтанышы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1304398?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version