Ғылымнан — нақты тәжірибеге: GREEN SCIENCE KZ алғашқы нәтижелерін көрсетті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астанада ғылыми негізделген көгалдандыру мен ормандарды қалпына келтіруге бағытталған GREEN SCIENCE KZ жобасының алғашқы нәтижелері таныстырылды. Жобаны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ботаника және фитоинтродукция институты Chevron компаниясымен серіктестікте жүзеге асыруда. Бір жыл ішінде ғылыми зерттеулер өңірлерде қолдануға болатын нақты ұсынымдарға айнала бастады.Батыс Қазақстан өңірінде:— Орал, Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалалары үшін 160 каталог басып шығарылды;— Оралда көгалдандыруға 94 таксон, ассортиментті кеңейтуге тағы 95 таксон ұсы нылды;— Атырауда қала жағдайына бейімделген 157 таксон ұсынылды;— өңірлердегі 70-тен астам ма ман арнайы оқудан өтті. Ұлытау облысында ғылым жергілікті қауы мдастықпен ұштастырылды. Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылында орманды қалпына келтіруге арналған отырғызу материалын өсіретін демонстрациялық алаң құрылып, 40-тан астам тұрғын көшет отырғызуға қатысты. Конференцияға ғылым, мемлекеттік органдар, ЕҚТА, жоғары оқу орындары, кәсіби және халықаралық ұйымдардан 90-нан астам өкіл қатысты. Сондай-ақ AFoCO сарапшыларының қатысуымен ауылдық көшетханаларды дамыту және жергілікті қауымдастықтарды орманды қалпына келтіруге тартудың халықаралық тәжірибесі қарастырылды. GREEN SCIENCE KZ-тің негізгі мақсаты — ғылыми білімді қағаз жүзінде қалдырмай, көгалдандыру мен орманды қалпына келтіруде қолданылатын практикалық құралға айналдыру. 2027 жылы жоба өңірлермен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және жергілікті қауымдастықтармен жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1304622?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version