«Таза Қазақстан»: Астанада мәдениет қызметкерлері экоакцияға шықты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мәдениет қызметкерлері экоакцияға шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында мәдениет саласына қарасты ұйымдардың аумақтарында тазалық жұмысы жүргізіліп, айналадағы қоқыстар жиналып, абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Экологиялық іс-шараның негізгі мақсаты – елорда тазалығын сақтауға үлес қосу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті арттыру.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай бастамалар елорданы таза әрі жайлы қалаға айналдыруға бағытталған ортақ іске үлес қосады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1304310?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version