Шығыс Қазақстан облысының Туризм және инвестиция басқармасы азаматтар мен өңір қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы демалысты ұйымдастырудың негізгі құқықтық аспектілерін еске салады.
Туристік саланың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін реттейтін «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңына сәйкес саяхаттарды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері айқындалған
Туристің құқықтары
Саяхатқа әзірлену, оны жүзеге асыру (транзитті қоса алғанда) кезінде туристің мыналарға құқығы бар:
-
Көмек сұрап жүгіну: Жеке басына немесе мүлкінің қауіпсіздігіне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік немесе туристік өкілдіктерге өтініш білдіру;
-
Еркін жүріп-тұру: Қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристік ресурстарға еркін қол жеткізу;
-
Медициналық және құқықтық көмек: Шұғыл медициналық көмек алу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де көмек түрлерін алуға жәрдемдесуі (шетелдік туристер үшін);
Туристің міндеттері
Саяхат жасау кезінде (транзитті қоса алғанда) турист мыналарға міндетті:
-
Заңнаманы сақтау: Болатын елдің (жердің) заңдарын, сондай-ақ кіру, шығу және онда болу ережелерін қатаң сақтау;
-
Қауіпсіздік шараларын сақтау: Сапар кезінде жеке өзінің қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау