Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судья лауазымына арналған біліктілік емтиханының кезекті компьютерлік кезеңінің қорытындысын шығарды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судья лауазымына арналған біліктілік емтиханының кезекті компьютерлік кезеңінің қорытындысын шығарды.

Тестілеуге қатысқан 57 кандидаттың 9-ы белгіленген өту шегінен сәтті өтті.

Аталған нәтижелер кандидаттардың теориялық және кәсіби даярлық деңгейіне қойылатын талаптардың жоғары екенін көрсетеді. Оларды жүйелі түрде күшейту бойынша жұмыс 2025 жылдан бастап жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.

Аталған кезеңнен сәтті өткен кандидаттар біліктілік емтиханының эссе жазу, практикалық кейстік тапсырмаларды шешу және психологиялық тестілеуден өту сияқты кейінгі кезеңдеріне жіберілді.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеуге 534 кандидат қатысты, оның ішінде 20%-ы өту шегінен сәтті өтті. Бұл судьялар корпусын қалыптастырудың жоғары стандарттарын сақтай отырып, іріктеу рәсімдерінің объективтілігін, ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті тәсілді растайды.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты біліктілік емтиханына қатысу үшін құжаттарды қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылатынын еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1305447?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version