Құтқарушылар балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов күз мезгілінің басталуымен қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан балық аулау кезінде азаматтардың қаза болу жағдайлары жиілегенін атап өтті.

2026 жылдың басынан бері облыстың су айдындарында балық аулау кезінде 6 адам қаза болған.

Облыс су айдындарында балық аулау кезінде жазатайым оқиғалардың және адам өлімінің алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық және рейдтік іс-шаралар кешенін жүргізуде.

ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» №34 бұйрығына сәйкес, балық аулауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде азаматтар судағы жазатайым оқиғалардың және адам өлімінің алдын алуға бағытталған белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.

Су айдынына шығар алдында жүзу құралының жарамдылығына көз жеткізу, құтқару және байланыс құралдарының болуын тексеру, ауа райы мен гидрологиялық жағдайларды ескеру қажет. Қайықта болған кезде әрбір адам жеке құтқару кеудешесімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде заңнама талаптарын және қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажет.

Су айдындарындағы оқиғалардың және адам өлімінің алдын алу мақсатында Департамент қызметкерлері полиция органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және волонтерлік ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Бүгінгі таңда шамамен 90 профилактикалық рейд жүргізілді. Оның барысында балықшылармен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылды. Сонымен қатар ескерту ақпараттары бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Құтқарушылар халыққа әуесқой балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды: суға шығар алдында жүзу құралының жарамдылығын және құтқару құралдарының болуын тексеру, құтқару кеудешесін киіп, оны дұрыс бекіту, қайықты шамадан тыс жүктемеу, қолайсыз ауа райы жағдайында және дауылды ескерту кезінде суға шықпау, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде балық ауламау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1305053?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version