Әлеуметтік құқықтарыңыз бұзылды ма? Департаментке жүгіне аласыз!
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Департамент өз құзыреті шегінде азаматтардың құқықтарының сақталуына бақылау жүргізеді.
Атап айтқанда, Департамент мынадай мәселелерді қарайды:
- әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
- жеке оңалту бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуы;
- Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 154-бабының талаптарының сақталуы.
Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілуі мүмкін.
Тексеру жүргізуге негіздердің бірі — жеке және заңды тұлғалардың заңнама талаптарының бұзылуы туралы, тиісті негіздер мен растайтын дәлелдер болған кездегі өтініштері.
Егер сіз өз құқықтарыңыздың бұзылғанына тап болсаңыз, бейжай қалмаңыз — Департаментке жүгініңіз!
Өтініште қандай құқықтың бұзылғанын, кім тарапынан және қандай жағдайда орын алғанын толық көрсетіңіз. Сондай-ақ қолда бар құжаттар мен басқа да растайтын материалдарды қоса тіркеу қажет.
Әлеуметтік құқықтарды қорғау — сіздің заңды құқығыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1305048?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау