600-ден астам баланың пайдасына 250 млн теңгеден астам алимент өндірілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Әділет департаментімен және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп алимент өндіру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

2026 жылдың өткен кезеңінде алимент төлеуден жалтарған 13 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Мәселен, «А» азаматы 2024 жылдан бері баласын асырауға алимент төлемеген. Алайда осы уақыт аралығында ол бәс тігуге шамамен 4 млн теңге жұмсаған.

Осыған байланысты борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтару) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қылмыстық іс тергеу барысында борышкер 2,6 млн теңге көлеміндегі алимент берешегін толық өтеді.

Жалпы, биыл прокурорлардың қабылдаған шараларының нәтижесінде 600-ден астам баланың мүддесіне 250 млн теңгеден астам алимент өндірілді.

Сонымен қатар, сот орындаушылары тарапынан жіберілетін заң бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында биылғы тамыз айынан бастап облыста Call-орталық жұмыс жасайды.

Телефоны: 8 708 024 89 30.

Облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп алименттерін уақтылы төленуін қамтамасыз ету, борышкерлердің жауаптылығының бұлтартпастығын қамтамасыз ету және әрбір баланың заңды құқықтарын қалпына келтіру жұмысын жалғастырады.

Аталған жұмыс «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1307231?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version