2026 жылғы 7 қазан күні сағат 15:00-де Ақжар ауылының тұрғындарымен ашық алаңда Бәйшегір ауылдық округінің әкімі А. Тлеуғасымның биылғы жылы атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жөнінде кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес орындалуы жөнінде жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1306733?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау