Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сарқытбай Құсаинов азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдайды.
Кездесу барысында өңір тұрғындары Департамент басшысына тікелей жүгініп, өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, қажетті түсініктемелер ала алады.
Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ туындаған мәселелерді уақтылы шешуге ерекше назар аударылады.
Мұндай кездесулер халықтың полицияға деген сенімін нығайтып, қоғаммен ашық байланыс орнатуға ықпал етеді.
Жетісу облысының Полиция департаменті азаматтардың Департамент басшылығының жеке қабылдауына алдын ала жазыла алатынын еске салады.
Ашықтық пен диалогке дайын болу – полиция қызметінің басты қағидаттарының бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1307350?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау