Балалардың отпен абайсыз ойнауы – өрт шығуының негізгі себептерінің бірі. Сонымен қатар соңғы уақытта балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Осыған байланысты Шымкент қаласы ТЖД Қаратау ауданының ТЖБ қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, балалар мен ересектерге қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде.
Кезекті түсіндіру жұмыстары Нұрсат шағын ауданындағы «Нұрсат» балабақшасында өтті. Мамандар балабақша тәрбиеленушілеріне өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізді. Балаларға отпен ойнауға болмайтыны, қауіпті заттарға жақындамау, тәрбиешілердің нұсқауын тыңдау және төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, ғимараттан қауіпсіз түрде эвакуациялану қажеттігі түсіндірілді.
Мамандар балалардың терезеден құлауының алдын алуға да ерекше тоқталды. Балаларға терезеге жақындамау, терезе алдына шықпау және оның маңындағы жиһаздарға мінбеу керектігі ескертілді.
Ал балабақша қызметкерлеріне терезелерді ашық қалдырмау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс құлыптары мен шектеуіштерін пайдалану және олардың жарамдылығын тұрақты бақылау қажеттігі айтылды.
Айта кетейік,, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан қарапайым қауіпсіздік талаптарын күнделікті сақтау – жазатайым оқиғалардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1307727?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау