Мектеп тарихы – оның қабырғасында қаланған кірпішпен ғана емес, осы ортада жылдар бойы еңбек еткен адамдардың тағдырымен де өлшенеді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Ұстаздың ұзақ жылғы еңбегі білім беру ұйымының кәсіби мәдениетін қалыптастырып, кейінгі буын педагогтер үшін тәжірибе мен өнегенің қайнар көзіне айналады.
«Қоскөл «мектеп-бөбекжай» кешені» КММ-де саналы ғұмырын педагогикалық қызметке арнап келе жатқан тәжірибелі мамандар:
Қодарова Забира Отарбайқызы – мектеп директоры, география пәнінің мұғалімі. Бір мекемедегі еңбек өтілі – 32 жыл.
Алтыбаев Бакытжан Гадилшиевич – көркем еңбек пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 35 жыл.
Кубаева Гульбану Кабаевна – бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі – 31 жыл.
Максим Муханов – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 37 жыл.
Машканова Бибигуль Талаповна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 32 жыл.
Мейрамгуль Кенжегалиева Азербаевна – бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі – 33 жыл.
Ал «Соналы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де:
Касайнова Шамшия Абаевна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бір мекемедегі еңбек өтілі – 32 жыл.
Әр педагогтің кәсіби жолы – білім беру жүйесіндегі сабақтастықтың бір көрінісі. Ұзақ жылдар бойы бір ортада еңбек ету арқылы ұстаз мектептің өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпірге айналады.
Ұстаз еңбегінің уақытпен бірге жинақталған тәжірибесі – кейінгі ұрпаққа қалатын кәсіби мұра.
Бір мектептің тарихы – бір ұстаздың тарихы емес. Ол – талай жылдар бойы бірге қалыптасқан ұстаздар қауымының ортақ шежіресі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1306656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version