Кәсіптік бағдар беру жұмыстары және құтқарушы мамандығын насихаттау аясында ШҚО ТЖД қызметкерлері қала мектептерінің оқушыларымен кезекті кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі тақырыбы – Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мәселелері болды.
Кездесу барысында Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері азаматтық қорғау бөлімшелерінің қызметі, академияға оқуға түсу талаптары, білім беру бағдарламалары, сондай-ақ төтенше жағдайлар органдарындағы қызметтің болашағы туралы айтып берді.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құтқарушылардың рөліне ерекше назар аударылды.
Мектеп оқушылары құтқарушыларға Академияға оқуға түсу тәртібі мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов оқушылармен кездесуде Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы – тек беделді білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы абыройлы әрі жауапты қызметке бастар алғашқы қадам екенін атап өтті.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға және болашақта ел қауіпсіздігіне үлес қосатын мамандықтарды таңдауға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1307763?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау