«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауданында профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шара барысында құрамындағы этил спиртінің көлемдік үлесі 30 пайыздан асатын алкоголь өнімінің бір данасын 1 500 теңгеге белгіленген уақыт аралығында бөлшек сауда арқылы өткізу фактісі анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 6-бөлігінің 3) тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімдерін өткізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1307685?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау