2026 жылғы 7 қазанда Надежда Костенюктің төрайымдылығымен Қостанай қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
-
Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы;
-
халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;
-
шығып қалғандардың орнына Қостанай қалалық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бірауыздан Қостанай қалалық мәслихатының сессиясында бекітуге енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1307711?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау