«Шығыс Салбурыны» фестиваліне Өскеменнен арнайы ұйымдастырылған автобустармен жетуге болады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

9–10 қазан күндері Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» этноаумағында қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнерін дәріптейтін «ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ – 2026» І Азия кубогі өтеді!

Халықаралық додаға 9 елдің бүркітшілері қатысып, бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгімен бақ сынайды.

10 қазан сағат 13:00-де танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.

Фестивальдің хедлайнерлері:

Joshy Qazaq National Group – ұлттық музыкалық мұраны заманауи сахнада дәріптейтін этно-фольклорлық ансамбль;

Тұрар Ыдырыс – танымал қазақстандық әнші, композитор және актер;

Қазыбек Әдікей Нығыметбек – домбыра мен қобызды серік еткен халық орындаушысы, әнші.

10 қазан күні Бозанбай ауылында өтетін «ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ – 2026» І Азия кубогіне бару үшін Өскемен қаласынан арнайы автобустар ұйымдастырылады.

1-маршрут

Өскемен теміржол вокзалы (У-К вокзал)→ Тұрмыс үйі → Автобасқарма → Fresh маркет→ Сәтбаев даңғылы → Бозанбай.

2-маршрут

Спорт сарайы→ Әуезов көшесі → Өзен вокзалы → Fresh маркет→ Сәтбаев даңғылы → Бозанбай.

Шығатын уақыты: 8:00 және 9:30.

Кері рейс: 16:00–17:00 аралығы.

Жол ақысы: 1 000 теңге.

Баратын жер: Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы, «Бүркіт төбе».

Ұлттық спорт пен дәстүрді дәріптейтін халықаралық доданы тамашалауға шақырамыз!

#ШығысСалбурыны2026 #АзияКубогі #ҰланАуданы #Бозанбай #Құсбегілік #Бүркітші #ҰлттықСпорт #ҚазақДәстүрі #Салбурын

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1306580?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version