ШЫМКЕНТТЕ «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қажымұқан атындағы Орталық стадионда ерекше балалардың спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған «Тең мүмкіндіктер әлемі» инклюзивті спорт сайысы өтті.

Фестивальге спорттың үш бағыты бойынша 150 оқушы қатысты.

Мұндағы мақсат – шәкірттердің спортпен айналысуына мүмкіндік жасап, қолдау білдіру, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту және қоғамда инклюзивті ортаны дамыту. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға дипломдар, кубоктар мен сыйлықтар табысталды.

Жарыс оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес B және C санаттары бойынша өткізілді.

5-6 сыныптар арасында бочча спорт түрінен B санаты бойынша:

  • І орынды – №133 мектеп
  • ІІ орынды – №146 мектеп
  • ІІІ орынды – №103 мектеп;

C санаты бойынша:

  • І орынды – №53 мектеп
  • ІІ орынды – №54 мектеп
  • ІІІ орынды №12 мектеп командасы иеленді.

7-8 сыныптар арасында бочча спорт түрінен B санаты бойынша:

  • І орынды – №146 мектеп
  • ІІ орынды – №18 мектеп
  • ІІІ орынды – №18 мектеп,

C санаты бойынша:

  • І орынды – №53 мектеп
  • ІІ орынды №54 мектеп оқушылары алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1307143?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version