ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ӘДЕБИ АЛАҢ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
Түркістанда кітапты бірге оқып, бірге талқылауға арналған жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» атты әдеби кездесу өтті. Алғашқы кездесу – қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романына арналды.
Басқосуда мекеме басшысы Эльмира Жанғазиева кітап оқудың адам өміріндегі маңызына тоқталып, жастардың шығарманы тек оқып қана қоймай, одан алған әсері мен өзіндік ойын еркін жеткізуі маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында жастар мен әдебиетсүйер қауым «Атау-кере» романының идеясы, кейіпкерлердің тағдыры, адам болмысы, рухани құндылықтар мен қоғам мәселелері төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Әдеби кешке арнайы шақырылған қонақтар Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, ақын Айдар Сейдазым және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі, ақын Бауыржан Ерман шығарманың мазмұны мен автордың әдеби қолтаңбасы жөнінде ой бөлісті. Кездесуді ҚР Ақпарат саласының үздігі, журналист Төребек Байтасов жүргізді.
Алдағы уақытта бұл алаңда қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары талқыланып, оқырмандар мен жастар арасында еркін пікір алмасу жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1307516?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version