ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдау мақсатында кезекті жеке қабылдауын өткізді. Ашық диалог форматында өткен кездесу кестесіне сәйкес, Түркістан қаласынан, сондай-ақ Сауран, Жетісай, Келес және Ордабасы аудандарынан келген тұрғындар тарапынан түскен өтініштер қаралды.
Атап айтқанда, Түркістан қаласы мен Жетісай, Келес, Ордабасы аудандарынан келген тұрғындар жер телімдерінің кадастрлық құжаттарын заңдастыру, өндірістік кооперативтердің жерлері мен жайылымдық алқаптардың шекарасын айқындау, сондай-ақ суару арықтарының жабылып қалуына байланысты туындаған түйткілдерді ортаға салды. Сонымен бірге, Тәжікстан Республикасынан көшіп келген қандастарды тұрақты орнықтыру, оларға мал шаруашылығын дамыту үшін арнайы жер телімдерін бөлу мәселесі де егжей-тегжейлі қаралды. Әлеуметтік блог бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды келісімшарт негізінде еңбекпен қамту, жұмыссыз жүрген тұрғындарды тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша өтініштер тыңдалды.
Жиын соңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Әбдісаттарұлы әрбір азаматтың арыз-шағымын мұқият саралап, заңдылығын түсіндірді. Көтерілген мәселелерді жедел әрі сапалы түрде қарау үшін тиісті мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Барлық өтініштердің заң шеңберінде оң шешімін табуы мен орындалу мерзімі облыс әкімінің орынбасары тарапынан тікелей бақылауға алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1307512?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version