1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Шілік ауыл округінде аға буын өкілдері мен қарт тұрғындар арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Сайыс барысында қатысушылар қол күрес, шахмат және үстел теннисі спорт түрлерінен бақ сынасып, өздерінің ширақтықтары мен ептіліктерін көрсетті. Жарыс жоғары көңіл-күйде, тартысты әрі қызықты өтті.
Шілік ауыл округінің әкімдігі барша қарттарымызды 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейді!
Қарты бар ел – қазыналы ел

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shilik/press/news/details/1308014?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version