ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ТАҒАЙЫНДАУДАҒЫ МҰҚТАЖДЫҚ ҚАҒИДАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ       

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

 

 

Аудандық мәдениет үйінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде мұқтаждық қағидатын қолдану мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.

 

Жиынның негізгі мақсаты – А және Б санатындағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді ұсыну тәртібіндегі өзгерістерді түсіндіру және тұрғындарды алдағы жаңашылдықтармен таныстыру.

 

Іс-шараға Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Беркінбаева және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің маманы А. Сыздыков қатысып, тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Кездесу барысында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзгерістер түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді ұсыну тәртібіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1308585?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version